понедельник, 3 декабря 2012 г.

Алғысөз

Той-думан!

"Той дегенде қу бас домалайды". Той - қазақтың дархан көңілі, кең даладай шексіз-шетсіз пейілі. Үйлену тойы, Бесік той, Сүндет той, Құдалық, Шілдехана, Құрсақ той, Қоныс той... Оған тағы қазіргі заманауи тойларды қосыңыз: Тілашар, Юбилей, Мектеп бітіру кеші, ЖОО бітіру кеші, т.б.

Тойға бару жақсы-ау, бірақ, шын көңілден қуанған тілектерін айтуға келгенде қызыл тілдің күрмеліп қалатыны жаман-ақ. Көпшіліктің айтуға сөз таппай, жазуға жол таппай дағдарып қалары рас. Өкінішке орай, іздегенде тұшымды тост-тілектерді таба қою да қиынырақ. Сол олқылықтың орнын толтыру мақсатында осы блогымды ашып отырмын. Керектеріңізді тауып, қажеттеріңізге жарап жатса, мақсатымның орындалғаны.

Келіңіздер, көріңіздер, көрімдігін беріңіздер! :)